RU

Судан алтын терген балық: Майкл Фелпс тұтастай Қазақстан құрамасын артқа қалдырды (фото)

Судан алтын терген Майкл Фелпс Олимпиада ойындарының 22 дүркін чемпионы атанды. 200 метрге кешенді жүзуде чемпион атанған ол Рио Олимпиадасындағы алтындарының санын төртке жеткізді.

Ал ВВС арнасының журналистері Риодағы жалпыкомандалық есепке Майкл Фелпстің бір өзін де қосып қойған. Аталған рейтингте 4 алтыны бар Майкл Германия құрамасынан кейін 207 елдің ішінде 10-шы орында тұр.

Қазақстан құрамасы Тәуелсіздік алғалы бері алтыншы жазғы Олимпиадаға қатысып жатыр. Осы аралықта Қазақстан құрамасының спортшылары 16 алтын жеңіп алды.

Ал жазғы ойындарға алғаш рет Сидней Олимпиадасынан бастап қатысып, алғашқы медалін Афиныда алған Майкл Фелпстің нәтижесі тұтастай Қазақстан құрамасының нәтижесінен жоғары.

Фелпс Риода өзінің соңғы рет жүзуге шығатынын айтты.

"Жиырма жыл бойы жүзіп, соңғы 48 сағатта небәрі екі рет бассейнге шығатынымды ойлаған қызық екен. Мен бала күнімнен ешбір адам қайталай алмайтын нәрсе істегім келеді. Бұл қолымнан келді", - дейді Фелпс.

Майкл Фелпс Афины Олимпиадасында 6, Бейжің Олимпиадасында 8, Лондон Олимпиадасында 4, Рио-де-Жанейрода 4 алтын жеңіп алды. Алда Фелпс әлі екі қашықтық бойынша жүлдеге таласады.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Баландин: Чемпион болғанымды басқа спортшылар келіп, құттықтап жатқанда ғана білдім

Майкл Фелпс 22 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Чехиялық балуан тұғырда марқұм досының суретін ұстап тұрды (фото)

Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы жарысты аяқтады (фото)

Австралиялық желаяқ Усейн Болтпен бірге жүгіруді армандап, 9 жыл дүкенші болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218452-sudan-altyn-tergen-balyq-maykl-felps-t.html