RU

Әділбек Ниязымбетовке бойында қазақ қаны бар жігіт қарсы тұрады (фото)

81 келіде сынға түсетін Әділбек Ниязымбетов беларусь боксшысын еш қиындықсыз жеңіп, ширек финалға өтті. Оның ендігі қарсыласы - әзірбайжандық Теймур Маммадов.

81 келі: Әділбек Ниязымбетов - Теймур Маммадов

Теймур Маммадов Әділбекке өте қиын қарсылас болары сөзсіз. Осыған дейін 91 келіде сынға түсіп келген боксшы Еуропа чемпионы, Еуропа ойындарының жеңімпазы, Лондон Олимпиадасы мен әлем чемпионатының қола жүлдегері болып үлгерген. 91 келіде салмағының аздығынан талай мәрте италиялық Клементе Руссоға жол берген Маммадов өзіне ыңғайлы 81 келіге ауысты.

Естеріңізде болса, Теймур Маммадовтың анасы қазақ екенін, ол өзінің нағашылары тұратын Шымкент қаласына көп келетінін жазған болатынбыз. Маммадов Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында Әзірбайжанның байрағын көтеріп шықты.

91 келі: Василий Левит - Эрисландо Савон

Бокстан Қазақстан құрамасы 91 келі салмақта тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды. Жолдаманың иегері Василий Левит әзірге жанкүйерлерін ренжіткен жоқ. Алайда, Левиттің келесі қарсыласы өте қарымды. Жерлесіміз кубалық Эрисландо Савонмен қолғап түйістіреді.

Савон Бүкіләлемдік бокс сериясында Левитті жеңіп кеткен болатын. Бапкерлер мен жанкүйерлер тобы Василий есе қайтаруы керек деп есептейді.

Аса ауыр салмақта сынға түсетін Иван Дычко да өзінің ежелгі қарсыласы, әзірбайжандық Магомедрасул Меджиовпен кездесетінін хабарлаған болатынбыз.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Судан алтын терген балық: Майкл Фелпс тұтастай Қазақстан құрамасын артқа қалдырды (фото)

Австралиялық желаяқ Усейн Болтпен бірге жүгіруді армандап, 9 жыл дүкенші болған

Майкл Фелпс 22 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Чехиялық балуан тұғырда марқұм досының суретін ұстап тұрды (фото)

Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы жарысты аяқтады (фото)

Риодағы жанкүйерлер қазақ боксшысын Мұхаммед Әлиге теңеді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218546-adilbek-niyazymbetovke-boyynda-qazaq.html