RU

Рио-2016: Жайна Шекербекова алғашқы кездесуінде экс-чемпионмен жұдырықтасады

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында бокстан 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жайна Шекербекованың алғашқы қарсыласы анықталды деп хабарлайды BNews.kz.

13 тамыз күні бокстан 51 келіге дейінгі әйелдер арасында өткен жарыста франциялық Сара Урамун 1/8 финалда Марокко боскшысы Зохру Эз-Захрауи айқын басымдықпен ұтты. Төрешілер де үш раунд бойы франциялық  былғары қолғап шеберін қарсыласынан үстем болғанын мойындап, 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебін тіркеді.

Осылайша, Сара Урамун ендігі жекпе-жегін ширек финалда Жайна Шекербековаға қарсы өткізеді.

Қос қарсыластың арасындағы кездесу 17 тамыз күні Астана уақытымен 02:15-те басталады.

Айта кетейік, 34 жастағы Сара Урман бокстан Францияның бірнеше дүркін жеңімпазы. Әрі ол 2008 жылы әйелдер арасында әлем чемпионы атанған.

Әрі франциялық былғары қолғап шебері бокстан Астанада әйелдер арасында өткен әлем біріншілігінде Жайна сияқты қола жүлдеге ие болған. Сонымен қатар Сара Урман Олимпиадаға қатысқан алғашқы франциялық әйел боксшы.

Рио Олимпиадасында бокстан жалпы ел намысын 9 былғары қолғап шебері қорғауда.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

Тамыз айында қазақстандықтар бір күн артық демалады

Қазақстанда демалыс күндері аптап ыстық болады

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Баландин: Чемпион болғанымды басқа спортшылар келіп, құттықтап жатқанда ғана білдім

Әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев көш бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218743-rio-2016-zhayna-shekerbekova-alghashqy-kezde.html