RU

Алғаш рет құрылыс саласының тарихында компания 1,1 млн шаршы метр тұрғын үй салады

Алғаш рет құрылыс саласының тарихында компания 1,1 млн шаршы метр тұрғын үй салады! 14 тамыз күні Қазақстанның құрылысшылары өз кәсіби мерекесін атап өтеді.

Осы күнге BI Group компаниясы жаңа жетістіктермен келді. Егер 2015 жылы 5544 отбасы қоныс тойын тойласа, ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай компаниямыздың 6500 клиентіне пәтер кілті берілетін болады.

Қазақстан тарихында алғаш рет бір компаниямен бір жылда 1,1 млн шаршы метр салынатын болады. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті таныта отыра, құрылыс салушы қайырымдылық жобаларды, сондай-ақ қазақстандықтар үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қолдап келеді. Биылғы жылы компания Астана қаласына Astana Triathlon Park триатлон орталығы мен Ұлы Отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішін сыйға тартты. Компания қызметкерлері «BI Жұлдызай» қайырымдылық қорын құрды, оның медициналық орталығында сал ауруына шылдыққан 3 мыңға жуық бала оңалтудан өтті.

Жыл сайын Қор хирургиялық ота жасау үшін шетелдік дәрігерлерді жұмылдырады, соңғы 1,5 жылда Қазақстанның барлық өңіріндегі 126 балаға ота жасалды.

BI Group компаниясының арқасында, сүйектері сынған және деформацияланған адамдар үшін енді аз асқынулармен тиімді ота жасауға мүмкіндік туып отыр. Травматолог-дәрігер Аманжол Балгазаров «Отаалды буын үлгілерін 3D-принтерде басып шығару» туралы идеясын ұсынды. Өкінішке орай, маңызды жоба қаржыландырусыз қалуы әбден мүмкін еді, бірақ құрылысшылар 2 млн теңге бөліп,  дәрігерді қолдады. Ал жас қазақстандық новатор ортездерді қалай басып шығаруды игеріп алды.

Компания өз клиенттерін назардан тыс қалдырмайды: заңнама бойынша кепілдік мерзімі 24 ай болғынына қарамастан, кепілдік мерзімі BI Group үйлеріне 3 жылға дейін ұлғайтылды! Тіпті кепілдік аяқталғаннан кейін де пәтер иелері назардан тыс қалып жатқан жоқ. CAPEX – BI Group сервистік қызметінің күрделі жөндеу бағдарламасы осылай аталады. Биылғы жылы оны жүргізуге 700 млн теңге бөлінді. Оның үстіне, бағдарлама BI Group компаниясымен 90-жылдары салынған тұрғын үйлерді сервистік басқаруды қарастырған. Мысалы, «Дуэт» ТҮК-не жаңа сорғылар орнатылып, әлсіз су қысым мәселелері артта қалды, дейді «Астана ЖилСервис НС» инженерлік жүйелер бойынша қызметкері Абай Тулеубаев. Ал тұрғындар ризашылығын білдіруде.

Петр Ким:

«Бұрын судың қысымы әлсіз болды. Ванна қабылдау үшін ол толғанша ұзақ күтетінбіз. Өткен аптада ыстық және суық судың қысымы жақсы болды. Тіпті 11 жыл өтсе де, өз клиенттеріңізге деген қамқорлықтарыңыз үшін рахмет». Үлкен жұмыстар осыдан 8 жыл бұрын салынған «Номад» ТҮК-не жүргізілді: кіреберістерді  жылыту, шатыр жұмыстары және қасбетті жөндеу жүргізілді.

«Симфония» ТҮК  тұрғындары қызмет көрсету деңгейін жоғары бағалайды, Юрий: «Осы үйде тұрғаныма 8 жыл болды. ПИК (КСК) жұмыстарында ешқандай ағаттықтардың болмағанын айтқым келеді. Тек ауланың кеңейгенін қалар едім, бірақ айналамызда жеке сектор екенін жақсы түсінеміз және бұл жерден адамдар кеткілері келмейді, бұл өзен жағалауы – Астананың әсем жерлерінің бірі».

Үлкен жұмыс көлемі 2009 жылы салынған «Краун Плаза» ТҮК-де жүргізіуде, мұнда жылу мен жарықтандыру құрылғылары ауыстырылды, бейнебақылау орнатылып, кіреберістерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, дейді объектінің менеджері Жанаргүл Рахымжанова.

«Солнечный город» ТҮК осыдан 7 жыл бұрын тапсырылған бірінші кезегінде кіреберістерді жөндеу жұмыстары жасалуда, кафель жаңартылды және кіреберістердегі ескі ағаш есіктердің орнына металл есіктер орнатылып, сорғылар мен кеңейткіш бактар ауыстырылды. Ал бұл компанияның тұрғын үй кешенінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының бір бөлігі ғана.

Салынған үйлердің артында жобалауға, ғимаратты жөндеу мен қызмет көрсетуге жауапты мыңдаған адамның еңбегі жатыр. Бұл осы жексенбіде өздерінің кәсіби мерекесі – Құрылысшылар күнін атап өтетін инженерлер, жобалаушылар, тас қалаушылар, сылақшылар, жұмыс бригадаларының басшылары және басқалары.

Сандар сөйлейді:

Алдағы 3 айда 6 тұрғын үй кешенінің жаңа пәтер иелері қуаныштарымен бөлісетін болады, өйткені Астанадағы «7я» ТҮК бірінші кезегінің 355 пәтері, «Қамал» ТҮК бірінші кезегінің 296 пәтері, «BI City Seoul» F блогының 142 пәтері, «Family Town» 4-вилласының 30 пәтері, «Art House» ТҮК 210 пәтері және болашақ көрменің аумағындағы ең әдемі тұрғын үйлердің бірі – «EXPO Boulevard» ТҮК 1,2,3 кезегінің 696 пәтері тапсырылады.

*PR  құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218767-alghash-ret-qurylys-salasynynh-tarikhynd.html