RU

Мұхтар Тайжан "халықтың ұстанымына үндес болған" президентке алғыс айтты

Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша республикалық комиссия жұмысы жемісті болды. Бұл туралы бүгін аталған комиссияның отырысында Құқықтық топтың жетекшісі Мұхтар Тайжан мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Біздің комиссияның жұмысы жемісті болды деп есептеймін. 3 айдың ішінде тиісті шешімді жасап отырмыз. Менің ойымша, бұндай шешім қабылданса, онда халықтың көңілінен шығады. Себебі, 5 жыл жер ешкімге сатылмайды, шетелдіктерге жалға берілмейді. Халықтың қалауы да сол болды. Ал осы бес жылда біз халыққа керек барлық шешімдерді жүзеге асыруымыз керек»,-деді М. Тайжан.

Айта кетейік, Астанада Жер мәселелері жөніндегі комиссиясы жерді жалға беру туралы мараторийді 5 жылға дейін созу мәселесін талқылауда.

«Бұл - талқылап отырған жер мәселесі өте маңызды. Меніңше, бұл тұрғыда халыққа рахмет айтуымыз керек, себебі халық отан сүюді көрсетті. Президентімізге алғысымызды айтуымыз керек. Өйткені, халықтың ұстанымын, пікірін естіп, түсініп, мораторий жариялады, сосын комиссия құрды. Бұл өте орынды шешім болды. Бұдан бөлек, комиссия мүшелеріне рахмет айтқым келеді», - деп түйіндеді сөзін Құқықтық топ жетекшісі.

Тағы оқыңыздар:

Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

Тамыз айында қазақстандықтар бір күн артық демалады

Қазақстанда демалыс күндері аптап ыстық болады

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Баландин: Чемпион болғанымды басқа спортшылар келіп, құттықтап жатқанда ғана білдім

Әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев көш бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218920-mukhtar-tayzhan-khalyqtynh-ustanymyna-un.html