RU

Астанада 26 жастағы жігіт жоғалып кетті

Астанада 26 жастағы Бақтияр Жаманғараев жоғалып кетті. Туыстары мен жақындары бірнеше күннен бері онымен байланыса алмай отыр.

Жас жігітті іздеу туралы хабарламалар Instagram әлеуметтік желісінде жарияланып жатыр.

«Көмектеріңіз қажет! Жас жігіт жоғалып кетті! Аты-жөні Жаманғараев Бақтияр! ҚазГЗУ түлегі. Бірнеше күннен бері туыстары мен жақындары таба алмай отыр. Егер ол туралы ақпарат білсеңіз, 8 771 775 04 09 нөміріне хабарласуларыңызды өтінеміз», - деп жазған жоғалған жігіттің туыстары.

Туыстарының айтуынша, Бақтияр Астана қаласында тұрады, бойы шамамен 170-175 см.

Астана ІІД Бақтияр Жаманғараевтің жоғалғаны туралы мәліметті растады. Қазір полиция жас жігітті іздеп жатыр.

Жоғалғанға дейін азаматтың букмекерлік орталықта бәс тігіп жүргені белгілі болды.

Тағы оқыңыздар:

Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды

Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

Тамыз айында қазақстандықтар бір күн артық демалады

Қазақстанда демалыс күндері аптап ыстық болады

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Баландин: Чемпион болғанымды басқа спортшылар келіп, құттықтап жатқанда ғана білдім

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218923-astanada-26-zhastaghy-zhigit-zhoghalyp-ketti.html