RU

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада атқарушы билікте айтарлықтай кадрлық ауыс-түйіс орын алған жоқ. Дегенмен, бірқатар өңірде жаңа тағайындаулар болды. ҚазАқпарат әдеттегідей апта ішінде орын алған кадрлық тағайындауларға шолу жасайды.

Алдымен, еліміздің ұлттық компанияларының бірінде орын алған ауыс-түйіске тоқталсақ, осы аптада «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті болып Марат Нұрғожин тағайындалды.

Марат Нұрғожин 59 жаста, И.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген. Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

2008 жылдан бастап, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің орынбасары, 2013 жылдың тамыз айынан бері «ҚҒС» ҰК» АҚ президенті міндетін атқарушы болып қызмет еткен.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Төлеби аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Төлеби ауданының әкімі лауазымына Бұхарбай Парманов тағайындалды.

Бұхарбай Парманов 1962 жылы туған, білімі жоғары, экономист, құқықтану бакалавры.

Бұл Оңтүстік Қазақстанда орын алған соңғы кадрлық тағайындаулар емес. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Сарыағаш аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сарыағаш ауданының әкімі болып Қайрат Аманкелдіұлы Әбдуәлиев тағайындалды.

Қ.А.Әбдуәлиев 1968 жылы туған, білімі жоғары, ғалым агроном, заңгер.

Еңбек жолын 1986 жылы Түлкібас ауданы Киров атындағы ұжымшардың «Алтын арай» жастар комсомол бригадасының шопаны ретінде бастаған.

2010 жылдың наурыз айынан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі лауазымын атқарып келеді.

Сарыағаш ауданын осы уақытқа дейін басқарып келген Б.Парманов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, президенті әкімшілігінің және Мақтарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мақтарал ауданының әкімі лауазымына Ғалым Исмаилов тағайындалды.

Ғ.Ы.Исмаилов 1961 жылы 10 қарашада туған, білімі жоғары, инженер-құрылысшы-технолог, мемлекеттік басқару бакалавры.

Еңбек жолын 1983 жылы Шымкент облысы Бөген құс фабрикасында жұмысшы ретінде бастаған.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Ал бұған дейін Мақтарал ауданын басқарып келген Ж.Бейсенбаев басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Ал Атырау облысында мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды.

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Владимир Михайлович Малахов Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып тағайындалды. Осы тағайындауға дейін В.М. Малахов Атырау қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы және Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды.

Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Шериязданов А.Т. 2016 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Отаров Қайрат Орынбасарұлы «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Қобда ауданы Жарық совхозында жұмысшы ретінде бастаған.

Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Шериязданов А.Т. 2016 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Мырзалин Абдухат Қапанұлы «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Мырзалин Абдухат 1960 жылы дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе, Қостанай облыстары және Батыс көлік аймағы бойынша басқармасының басшысы болған.

2016 жылғы қаңтар айынан бері - «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Азамат Жұмабайұлы Айтуев БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қарағанды қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы болып, Нұрлан Бекбосынов тағайындалды. Осыған дейін ол Қарағанды облысы ТЖ Департаментінде төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

Орал Қаппасов Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаментіне жаңа басшы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Павлодар облысы Білім беру саласын бақылау департаментінің басшысы болып қызмет атқарып келді.

Сонымен қатар, Дәуіт Жұмабаев Қостанай облысы Орман және аң шаруашылығының аймақтық инспекциясы басшысы болып тағайындалды.

Дәуіт Бәкенұлы бұл уақытқа дейін Қостанай облыстық әкімдігінің жедел әзірлік, терроризмді алдын алу және ескерту бөлімінің жетекшісі қызметін атқарған.

Тағы оқыңыздар:

Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды

Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы - қазақ еліне жүлде сыйладым

Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

Астанада 26 жастағы жігіт жоғалып кетті

Тамыз айында қазақстандықтар бір күн артық демалады

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Баландин: Чемпион болғанымды басқа спортшылар келіп, құттықтап жатқанда ғана білдім

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218935-qazaqstandaghy-zhanha-kadrlyq-taghayynd-33.html