RU

Ольга Рыпакова Рио олимпиадасының финалына өтті

Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үш басып секіру сайысында финалға өтті. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Бүгін Олимпиада аренасында сынға түскен Лондон Олимпиадасының чемпионы, отандасымыз Ольга Рыпакова бірінші мүмкіндігінде - 14,10 көрсеткішімен төртінші орынға көтерілген болатын, кейін екінші мүмкіндігінде - 14,39 көрсеткішімен екінші орынға көтеріле алды.

Бұл оның бірден финалға өтуіне мүмкіндік берді. Әзірге жарыс жалғасуда. Ең үздік нәтижені колумбиялық жеңіл атлет Катрин Ибаргуэн өрсетті. Оның секірген ұзындығы - 14,52.

Финал 15 тамызда Астана уақыты бойынша 05:55 сағатта өтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, букмекерлер Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық 31 жастағы жеңілатлет Ольга Рыпакованы Рио-2016 Олимпиада ойындарының «алтынына» басты үміткерлер қатарына қоспады.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды

Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы - қазақ еліне жүлде сыйладым

Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

Астанада 26 жастағы жігіт жоғалып кетті

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218967-olga-rypakova-rio-olimpiadasynynh-fi.html