RU

Обама демалыс кезінде қандай кітаптар оқитынын айтып берді

АҚШ президенті Барак Обама өзінің жазғы демалысында бес кітап оқуды жоспарлауда. Олардың тізімі жұма күні, 12 тамызда Ақ үйдің сайтында жарияланды, деп жазады Қазақпарат.

Тізімде бірінші болып үздік ғұмырнама үшін 2016 жылғы Пулитцер сыйлығын иеленген Уильям Финнеганның «Жабай өмір: серфердің өмірі» кітабы тұр. Екінші орында - америкалық жазушы Колсон Уайтхедтің «Жерасты теміржолы» кітабы. Үштікті Хелен Макдональдтың «Мен қаршығамын» кітабы түйіндеген.

Сондай-ақ тізімге Пол Хокинстің психологиялық триллер жанрындағы «Пойызда келе жатқан қыз» романы енген, CNN басылымның атап өтуінше, бұл кітап бойынша кино түсірілді, ол прокатқа осы жылғы қазанда шығады, сондай-ақ Нил Стивенсонның «Жеті Хауа ана» фантастикалық романы бар.

АҚШ Президенті өзінің екіапталық демалысын отбасымен Массачусетс штатының Мартас-Винъярд аралында өткізеді, деп жазады РБК.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Ольга Рыпакова Рио олимпиадасының финалына өтті

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды

Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы - қазақ еліне жүлде сыйладым

Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1218985-obama-demalys-kezinde-qanday-kitapta.html