RU
Эфиопиялық желаяқ олимпиадада үш шақырымды жалаңаяқ жүгіріп өтті

Эфиопиялық желаяқ олимпиадада үш шақырымды жалаңаяқ жүгіріп өтті

Рассказать Вконтакте

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада Ойындарында жеңіл атлетиканың 3 000 метрге кедергілермен жүгіру сайысында аяқ киімін жоғалтып, жалаңаяқ жүгіруге мәжбүр болған эфиопиялық спортшы Этенеш Диро төрешілердің шешімімен финалға жіберілді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Эфиопиялық жеңілатлет Этенеш Диро қашықтықты бағындыру кезінде оның артынан ілесіп келе жатқан спортшылардың бірі өкшесін басып кеткен болатын. Аяқ киімді қайта киюге тырысқан спортшы, біршама уақытқа кешігіп қалды, артынан көп ойланбастан оны шешіп тастады, дегенмен алтын уақытын жоғалтып алды.

Қалыс қалғанына қарамастан, Диро бір шақырымнан астам қашықтықты бір ғана аяқ киімімен жүгіріп, қарсыластарын қуып жетіп алды. Дегенмен көп күш сарп еткен эфиопиялық қыз мәре сызығын жетінші болып кесті және біліктілік сайысынан шыға алмады.

Ол Олимпиада ойындарында жүлдеге үміткер спортшылардың бірі болатын. Стокгольмде өткен «Гауһар лигасы» халықаралық жарысында ол қола еншілеген еді.

Көмбеге келісімен Диро кеткен есеге қапаланған күйі еңсесін түсіріп, көз жасына ерік берді. Олимпиадалық стадионға көп жиналған көрермен жігерлі қызға тік тұрып қол соқты.

Сол сайыста жалпы есепте үздік нәтижені Бахрейн спортшысы Рут Джебет көрсетті - 09:12.62.

Еске сала кетсек, осы тұста қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында үш басып секіру сайысында алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды

Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы - қазақ еліне жүлде сыйладым

Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

Астанада 26 жастағы жігіт жоғалып кетті

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel