RU
Тағы бір қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті

Тағы бір қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті

Рассказать Вконтакте

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алды.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

1/16 финалда оған Пуэрто-Рико боксшысы Джевьер Синтрон Окасио қарсылас атанған болатын. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті өте қарқынды бастады, дегенмен қорғаныста сақтық танытпаған ол көп соққылар өткізіп алды. Нәтижесінде қазылар бірінші раундта жеңісті пуэрториколыққа берді.

Екінші раундта жинақы жұдырықтасқан Олжас Сәттібаев қарсыласынан едәуір мықты болды. Қазылар шешімімен қазақстандық боксшы екінші раундта үздік деп танылды. Соңғы раундта қарсыласын әбден танып алған қазақстандық боксшы Джевьера Окасиоға бет қаратпады.

15 тамызда 1/8 финалда Олжастың келесі қарсыласы әзербайжандық Эльвин Мамишзаде атанбақ. Ол - 2015 жылдың әлем чемпионы атанған мықты боксшылардың бірі. Жекпе-жекті тікелей эфирде «Қазақстан» телеарнасынан көруге болады.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Бекболат Тілеухан: Нағыз халықтық шешімді жасаған елбасына ризашылығымызды білдіруіміз керек

Риода көрермендер Жәнібек Әлімханұлының мықтылығына түрегеп тұрып қол соқты

Қызылордалық кәсіпкер нанды 45 теңгеден сатып алып, 40 теңгеден сатып жатыр

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы - қазақ еліне жүлде сыйладым

Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel