RU
Бүгін түнде Рио олимпиадасында қазақстандық боксшылар легі сынға түседі

Бүгін түнде Рио олимпиадасында қазақстандық боксшылар легі сынға түседі

Рассказать Вконтакте

Жексенбі, 14 тамыз күні қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында отандық спортшылардың бірнеше спорт түрінен өткізетін сайыстарын тамашалай алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілішісі.

Астана уақытымен 03:30-да 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов венесуэлалық спортшы Габриель Маэстреге қарсы жекпе-жек өткізеді. 30 жастағы Маэстре - бокстан Венесуэла құрамасының капитаны. 2015 жылы Панамерикалық ойындардың чемпионы атанған, 2013 жылы әуесқойлар арасында өткен әлем чемпионатында қола ілген мықты боксшы. 25 жастағы боксшымыз 2013 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар 2010 жылы және 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық санаттағы спорт шебері. Данияр Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазіргі уақытта Астанада әкесі Марат Елеусіновтің қол астында жаттығады. 1/8 финалда Данияр британдық боксшы Джошуа Келлиден басым түскен еді.

Уақыт тілі 03.45-келгенде 91 келіге дейінгі салмақта бокстасатын қазақстандық Василий Левит кубалық боксшы Эрисланди Савонға қарсы жұдырықтасатын болады. Екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы Василий Левит 1/8 финалда қытайлық Юй Фэнкайды, ал ¼ финалда маврикиялық Кеннеди Сен-Пьеррді тізе бүктірген. Дегенмен келесі қарсылас өте қауіпті. 26 жастағы Э.Савон - 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлде иегері, 2008 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, Панамерикалық ойындардың чемпионы, ұлттық біріншіліктердің бірнеше дүркін чемпионы.

Таңға жақын, сағат 04:45-те аса ауыр салмақта 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Иван Дычко шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы әзербайжандық Могамедрасул Меджидов. Меджидов - екі дүркін әлем чемпионы (2011, 2013).

2013 жылы ақтық сында ол Иван Дычконы нокаутқа жіберіп, алтын медальді жеңіп алған болатын. Дычко үшін бұл жекпе-жек ардың ісі болмақ.

Кешке сағат 18.00-де қазақстандық спортшы Юрий Юрков нысана көздеуден сынға түседі. Ол винтовкамен атудан 50 метрлік қашықтықта нысана көздеу бойынша сынға түседі.

Сағат 20:00-де қазақстандықтарды тағы бір қызық жарыстардың бірі күтіп тұр. Апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер әдемі спорттардың бірі - синхронды жүзуден бақтарын сынайды. 2016 жылы наурызда Бразилияда өткен лицензиялық жарыста олар Олимпиада Ойындарына жолдама ұтып алған болатын. 21 жастағы қос қызымыз Қазақстан чемпиондары және 2014 жылғы Азия ойындарының екі дүркін қола медаль иегерлері. Тоғыз жастан бері осы спортта жүрген спортшы қыздарды Жанна Демченко жаттықтырады.

Қазақстандықтардың ішінде кешкі олимпиадалық жарыстарды әйелдер боксы тәмамдайды. Сағат 20:15-те қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова канадалық спортшы Ариан Фортирмен күш сынасады. 28 жастағы Дариға 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады. 2010 жылы Азия чемпионатында чемпион атанған қызымыз Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Бекболат Тілеухан: Нағыз халықтық шешімді жасаған елбасына ризашылығымызды білдіруіміз керек

Риода көрермендер Жәнібек Әлімханұлының мықтылығына түрегеп тұрып қол соқты

Қызылордалық кәсіпкер нанды 45 теңгеден сатып алып, 40 теңгеден сатып жатыр

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы - қазақ еліне жүлде сыйладым

Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
3
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel