RU
Айдос Сарым: Үш ай бойы мораторийді ұзарту үшін ғана жұмыс істедік пе?

Айдос Сарым: Үш ай бойы мораторийді ұзарту үшін ғана жұмыс істедік пе?

Рассказать Вконтакте

Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында саясаттанушы Айдос Сарым жиынға қатысушыларға осындай сауал тастады, деп жазады Қамшы.кз сайты.

«Үш ай бойғы жұмыстағы біздің бар нәтижеміз мораторийді созу ғана ма? Мұны елге айтудың өзі ұят секілді. Менің ұсынысым, екі-үш топты қалдырып, халыққа осы мәселені түсіндіретін бір құжат әзірлеу керек. Біз үш ай бойы осынша әңгіме айтып, халықпен жүздесіп, енді елбасыға осындай ұсыныс айтуымыз ұят. Сондықтан, мынадай мәселелер бойынша комисиия мәмілеге келді, мына мәселе бойынша бір тоқтамға келе алмады деп басын ашып жазу керек. Тек, дау туғызған жерді жеке меншікке сатуға бола ма, болмай ма деген мәселеге қатысты мораторийді созу туралы ұсынысты елбасыға айтайық. Сонымен қатар, комиссияның белсенді мүшелерін заң жобасын парламентте қорғауға қатыстырайық, осында айтылған ұсыныстар заңға енуі қамтамасыз етілсін», – дейді Айдос Сарым.

Саясаттанушы, сонымен бірге Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы 27 мың гектар жердің Германия азаматына берілуі туралы да мәселені мұқият зерттеу қажеттігін атап өтті.

Тағы оқыңыздар:

Бекболат Тілеухан: Нағыз халықтық шешімді жасаған елбасына ризашылығымызды білдіруіміз керек

Риода көрермендер Жәнібек Әлімханұлының мықтылығына түрегеп тұрып қол соқты

Қызылордалық кәсіпкер нанды 45 теңгеден сатып алып, 40 теңгеден сатып жатыр

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы - қазақ еліне жүлде сыйладым

Сіздің реакцияңыз
12
1
1
1
0
97
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel