RU
Шымкентте BMW жылу трассасын жөндеп жатқан бес жұмысшыны басып өтті (фото)

Шымкентте BMW жылу трассасын жөндеп жатқан бес жұмысшыны басып өтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте BMW жүргізушісі қаланың орталығында жылу трассасаын жөндеп жатқан бес жұмысшыны басып кетті. Салдарынан 1995 жылы туылған М. Әлібек есімді бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Қатты соққыдан оның денесі бөлшектеніп кеткен. Бұл туралы NUR.KZ жергілікті Отырар арнасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кабриолет жүргізушісі оқиға орнынан көлігін тастап, бой тасалаған. Құқық қорғау өкілдерінің хабарлауынша, әзірге оның аты-жөні анықталған жоқ.

Қайғылы оқиға таңғы алтылар шамасында Қонаев даңғылы мен Ғани Ілияев көшесінің қиылысында орын алған. Жұмысшылар бригадасы жұмыс орнына таң ата келген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, алтыншы үлгідегі BMW көлігі жол қиылысынан аса үлкен жылдамдықпен жүйіткіп, жұмысшыларды жолдан "сыпырып тастаған". Апат орнына келіп жеткен жедел медициналық жәрдем зардап шеккендерді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, олар келіп жеткенде жантүршігерлік оқиғаға куә болған - зардап шеккендер әр жерде "шашылып жатқан".

Үш адам аурузхананың травматологиялық бөліміне жатқызылды.  1978 жылы туылған тағы бір жұмысшы ауыр бас сүйек-ми жарақатымен жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Қазір қайғылы оқиға орын алған жол учаскесі қоршауға алынды.

Тағы оқыңыздар:

Бүгін түнде Рио олимпиадасында қазақстандық боксшылар легі сынға түседі

Бекболат Тілеухан: Нағыз халықтық шешімді жасаған елбасына ризашылығымызды білдіруіміз керек

Риода көрермендер Жәнібек Әлімханұлының мықтылығына түрегеп тұрып қол соқты

Қызылордалық кәсіпкер нанды 45 теңгеден сатып алып, 40 теңгеден сатып жатыр

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

Фархад Харки: Ұлтымның кім екені маңызды емес, ең маңыздысы - қазақ еліне жүлде сыйладым

Сіздің реакцияңыз
147
30
16
67
0
9
14
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel