RU

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

91 келіде сынға түскен боксшы Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол қазақ боксшыларының арасында алғаш болып ақтық сынға өтті.

Василий Левит кубалық Эрисландо Савонды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Енді финалда қазақстандық боксшы ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасады.

Естеріңізде болса, Левит Бүкіләлемдік бокс сериясының аясында Савоннан ұтылып қалған болатын. Осылайша, қазақстандық боксшы өзінің әккі қарсыласынан Олимпиадада есе қайтарды.

Жалпы, қазақстандық боксшылар Рио Олимпиадасына дейін 91 келі салмақта жазғы ойындарға қатысқан жоқ. Ал осы салмақта алғаш болып Олимпиадаға жолдама алған Левит Олимпиаданың финалында өнер көрсетпекші.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Бекболат Тілеухан: Нағыз халықтық шешімді жасаған елбасына ризашылығымызды білдіруіміз керек

Риода көрермендер Жәнібек Әлімханұлының мықтылығына түрегеп тұрып қол соқты

Қызылордалық кәсіпкер нанды 45 теңгеден сатып алып, 40 теңгеден сатып жатыр

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219120-vasiliy-levit-olimpiada-oyyndarynynh.html