RU

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Аса ауыр салмақта сынға түскен Иван Дычко өзінің ежелгі қарсыласы Магомадрасул Меджидовтен есе қайтарды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Vesti.kz

Дычко бірінші раундта сауатты өнер көрсетіп, төрешілер алғашғы кезеңде жеңісті бірауыздан біздің жерлесімізге берген болатын.

Ал екінші раунд басталған соң қабағы жарылып, қайта-қайта дәрігер көмегіне жүгінген Меджидов жарысты жалғастыра алмады. Дәрігерлер әзірбайжандық боксшыға жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік берген жоқ.

Осылайша, Иван Дычко Олимпиаданың алғашқы айналымынан сәтті өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы әлем чемпионатында әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов Иван Дычконы өз жанкүйерлерінің алдында нокаутқа жіберген болатын. Осыдан соң аса ауыр соққы алған Дычко біраз уақытқа дейін демалыс алып, кейін бапкерлердің көмегімен шаршы алаңға қайта оралды.

Иван Дычко 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Данияр Елеусінов әйелінің туған күнінде Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Бекболат Тілеухан: Нағыз халықтық шешімді жасаған елбасына ризашылығымызды білдіруіміз керек

Риода көрермендер Жәнібек Әлімханұлының мықтылығына түрегеп тұрып қол соқты

Қызылордалық кәсіпкер нанды 45 теңгеден сатып алып, 40 теңгеден сатып жатыр

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219160-ivan-dychko-azirbayzhandyq-aygili-qars.html