RU

Астанада қарулы қарақшы ломбардтың 2 қызметкерін кепілге алды (фото)

Астанада қарулы қарақшы Кенесары-Янушкевич көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасап, 2 қызметкерді тұтқынға алды.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Белгісіз біреу ломбардқа баса-көктеп кірген. Қазір ол 2 адамды тұтқынға алып отыр», - дейді С.Қылышбекова телефон арқылы жасаған мәлімдемесінде.

Қазір полицейлер қарақшымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Оған рация беріліп, ломбард орналасқан аудан қоршауға алынды.

ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаев ломбардқа шабуыл жасалғанын растап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Данияр Елеусінов әйелінің туған күнінде Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Танымал тележүргізуші қазыдан Алла сөзін тауып алды (фото)

Шымкентте BMW жылу трассасын жөндеп жатқан бес жұмысшыны басып өтті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219299-astanada-lombardty-tonaghysy-kelgen-u.html