RU

Астанадағы арнайы операция: Ломбардқа шабуыл жасаған қарақшы 1982 жылғы жігіт екені анықталды

Астанада ломбардқа шабуыл жасаған қарулы қарақшының 1982 жылғы азамат екені анықталды. Бұл туралы қалалық ІІД өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазір құзырлы органның қызметкерлері қарақшымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әзірге анықталғаны осы ғана, басқа ештеңе айта алмаймыз», - дейді мамандар.

Сонымен бірге полицейлер тұрғындардан терезе алдына жақындамауды өтінді. Ал оқиғаны сырттан бақылап тұрғандарға үйлеріне кіруін сұрады деп хабарлайды «NewTimes.kz».

Бұған дейін Астанада Кенесары-Янушкевич көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасап, 2 қызметкерді тұтқынға алғанын жазған болатынбыз.

Қазір полицейлер қарақшымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Оған рация беріліп, ломбард орналасқан аудан қоршауға алынды, арнайы операция жүріп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Данияр Елеусінов әйелінің туған күнінде Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Танымал тележүргізуші қазыдан Алла сөзін тауып алды (фото)

Шымкентте BMW жылу трассасын жөндеп жатқан бес жұмысшыны басып өтті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219332-lombardqa-shabuyl-zhasaghan-qaraqshy-1982-zhy.html