RU

Астанадағы арнайы операция: Қарақшы бір тұтқынды босатты

Астанадағы М-Ломбардға баса-көктеп кірген тонаушы кепілге алынғандардың бірін босатты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иә, ол ломбардтан қызметкерлердің бірін босатты. Оқиғаның басқа мән-жайы кейінірек хабарланады. Келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Қазіргі кезде ломбард аумағы қоршауға алынған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті 4 сағаттан астам уақыт ломбардта қамауда отыр. Қазіргі кезде оның айналасындағы дәмхана, дүкендер, басқа да қызмет көрсету орындары жабық тұр. Полиция кеңсе орналасқан үй тұрғындарының көшеге шықпауларын сұрайды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан берген жедел ақпаратында.

Еске сала кетсек, Астанада қарулы қарақшы Кенесары-Янушкевич көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасап, 2 қызметкерді кепілге алғаны хабарланған.

Тағы оқыңыздар:

Астанада қарулы қарақшы ломбардтың 2 қызметкерін кепілге алды (фото)

Рио-2016: 13 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Рио-2016 күнделігі: Бүгін жеңіл атлет Ольга Рыпакова медальға таласады

Алматыда полицейлер көпшіліктің көзінше қарт адамды ұрып-соқты (фото)

Мырзағали Айтжанов: Бізді нағыз айқастар енді күтіп тұр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219350-astanadaghy-arnayy-operaciya-qaraqshy-b.html