RU

Олимпиада чемпионы бүкіл сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

Рио Олимпиадасында дзюдодан «алтын» алған ингушетиялық Хасан Халмурзаев бүкіл сыйақысын қайырымдылыққа жұмсайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Халмурзаев қаржыны толығымен жеткіншектер спортын дамытуға жұмсайтынын айтады.

«Мен еліміздегі дзюдомен шұғылданатын өрендерге көмек көрсетуді ұйғардым. Еліміздің өңірлерінде спорт мектептерін ашуға үлесімді тигізсем деймін. Республикамыздан әлі талай Олимпиада чемпиондары шығады деп үміттенемін», – дейді чемпион.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасында 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ұңғыш балуаны бүкіл қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, тұғыр биігіне көтерілді. Осы ерлігі үшін Ресей үкіметі Хасан Халмурзаевқа 4 млн рубль тағайындады.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Астанада қарулы қарақшы ломбардтың 2 қызметкерін кепілге алды (фото)

Рио-2016: 13 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Рио-2016 күнделігі: Бүгін жеңіл атлет Ольга Рыпакова медальға таласады

Алматыда полицейлер көпшіліктің көзінше қарт адамды ұрып-соқты (фото)

Мырзағали Айтжанов: Бізді нағыз айқастар енді күтіп тұр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219358-olimpiada-chempiony-bukil-syyaqysyn-q.html