RU

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Бүгінге дейін жеңіліп көрмеген америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер Риодағы Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін тамашалауға келді.

Әдетте, әуесқой боксқа көп көңіл бөле бермейтін кәсіби боксшыларды, оның ішінде, Флойд Мейвезерді көру жанкүйерлерді таң қалдырғаны рас.

Әсіресе, Мейзевер қазақ боксшысы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін үлкен ықыласпен қарап, оның өнеріне қол соқты деп жазады Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мейвезермен қол алысып түскен суретін Instagram парақшасына жариялаған болатын.

Жалпы, қазақ боксшыларының өнері жанкүйерлерді ерекше тәнті етуде. Осыған дейін Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көргендер қазақ боксшысына орындарынан тұрып, қол соққан болатын.

Еске сала кетейік, кеше Данияр Елеусінов венесуэлалық Габриель Маэстроны жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Данияр Елеусінов әйелінің туған күнінде Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Мырзағали Айтжанов: Бізді нағыз айқастар енді күтіп тұр

Танымал тележүргізуші қазыдан Алла сөзін тауып алды (фото)

Шымкентте BMW жылу трассасын жөндеп жатқан бес жұмысшыны басып өтті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219398-aygili-meyvezer-daniyar-eleusinovtinh.html