Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде үш полицей күдіктіні ұрып, кінә таққылары келген

Опубликовано:

Хромтау аудандық сотында үш полицейге қатысты қылмыстық іс қаралуда. Олар күдіктіге кінәні мойындату мақсатында оның ішінен, аяғынан, басынан ұрған деп хабарлайды kerek-info.kz.

Оқиға 1 наурыз күні болған. Алаяқтық ісі бойынша күдікті атанған азаматты полицейлер Хромтау аудандық полиция бөліміне алып келген. Оны кабинетке кірігізіп алып, полицейлер кезек-кезек психологиялық қысым көрсеткен.

"Полиция қызметкерлері маған бірден-ақ дөрекі сөздер айтып, менің қайда жүргенімді сұрады. Содан мені аудандық полиция бөліміне кіргізді де, аты-жөнімді жазып алды. Үшінші қабатта дәліз бойымен жүріп, кабинетке кірдік. 5 минутқа мені жалғыз қалдырды. Сосын үш полицей кіріп келді. Қадыржанов мені орындықтан тұрғызып алып, "ақша алдың ба?" деп сұрады. Мен "жоқ, алмадым" деп жауап бердім. Сонда ол мені ұрып жіберді. Сосын "кінәні өз мойныңа аласың ба?" деп ол тағы менен сұрады. "Мен кінәлі емеспін" дедім оған. Содан кейін ол менің мойнымнан ұстап, тізесімен бірнеше рет менің сол аяғымды ұрды", - деді жәбірленуші сотта.

Дәл осындай сипатта кезек-кезегімен Б. Бахрадинов және Б.Құрманбай есімді полицейлер де күдіктіге күш көрсетіпті.

Айта кетейік, алаяқтық жасады деп күдіктінің үстіне арызды хромтаулық әйел түсірген еді. Нақ сол әйел күдіктімен бірге 1 ай бойы азаматтық некеде тұрған.

Тағы оқыңыздар:

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Данияр Елеусінов әйелінің туған күнінде Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Мырзағали Айтжанов: Бізді нағыз айқастар енді күтіп тұр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1219520-aqtobede-ush-policey-kudiktini-uryp-ki/

pixel