RU

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Рио төрінде балуандарымыз жеңіліп қалған соң, жүрегі ауырғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін кілемге шыққан қазақ балуандарының екеуі де екінші кезеңде қарсыластарына есе жіберді.

Алмат Кебіспаев алғашқы айналымда ресейлік балуан Ибрагим Лабазановты жеңген болатын. Алайда, екінші айналымда жапондық Шинобу Отадан 0:6 есебімен ұтылды.

Ота бірінші кезеңде алты дүркін әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы Хамид Суриянды жеңіп кеткен.

Алматтың қарсыласы ақтық сынға шықты. Енді Кебіспаев Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Досжан Кәртіков те екінші айналымда әзірбайжан спортшысынан 1:5 есебімен ұтылып қалды.

Отандық телеарнада балуандардың белдесуін тамашалаған Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өз өкпесін айтты.

"Алмат жеңілген соң, Досжан жеңеді деп үміт күтіп едім. Болмады... Жүрек ауыртатын жеңіліс болды. Бәрі де балуандардың өз қолында. Енді аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиевке сенім артамыз", - деді Үшкемпіров.

Сондай-ақ, 59 келіде Өзбекстан атынан күресіп жатқан қазақ балуаны Елмұрат Тасмұрадовтың керемет жеңісіне сүйсінген Үшкемпіров мықты балуанды қолдан жіберіп алғанын, енді Елмұраттың тек Өзбекстан атынан күресетінін айтты.

Еске сала кетейік, қазақ балуандарының Олимпиадада алтын алмағанын 36 жыл өтті. 1996 жылы чемпион атанған Юрий Мельниченко Қазақстанға Қырғызстаннан келген болатын.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Данияр Елеусінов әйелінің туған күнінде Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Мырзағали Айтжанов: Бізді нағыз айқастар енді күтіп тұр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219549-almat-kebispaev-rio-olimpiadasyn-ayaq.html