RU

Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына өтті

81 келіде жұдырықтасатын Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының жартылай финалына өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық боксшы Әзірбайжан елінің өкілі, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Теймур Маммадовты 3:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Әділбек Ниязымбетов ұлыбританиялық боксшымен финал жолдамасын сарапқа салады.

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада мен екі бірдей әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Азия ойындарының жеңімпазы.

Боксшы Маңғыстау облысының түлегі. Бапкері - Марат Жәкеев.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219698-adilbek-niyazymbetov-rio-olimpiadasy.html