RU

Баян Есентаева халыққа жүзін көрсетті

Белгілі продюсер Баян Есентаева жүзін көрсетіп суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Есентаеваның аман-сау өз қызметіне оралуын көп күткен ел бүгін сүйікті актрисасының суреттерін көріп, бір қуанып қалды. Instagram әлеуметтік желісінде продюсердің камераға жүзін көрсетіп түскен суреті жария болды.

Суреттер Баянның әлі де теңіз жағалауында демалып жатқанын көрсетеді. Дегенмен, оның бұл суреттері бұрынғыларынан өзгерек екені айтпаса да түсінікті.

Актрисаның суреттерін көрген қолданушылар өз қуаныштарын жасырмай, оған одан әрі сауығуын тілеп, бір марқайып қалды.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бірақ шыққан еді.

Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған. Ал тамыздың 3 күні  оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219752-bayan-esentaeva-khalyqqa-zhuzin-korsett.html