RU

Маңғыстау облысының әкімі Тамара Асарға пәтер сыйлады

Белгілі әнші Тамара Асарға Ақтау қаласының орталығынан үш бөлмелі жаңа пәтердің кілті тапсырылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

«Сүйінші! Маңғыстауға Қамбардың қазығы қайта қағылды! (Ұзағынан сүйіндірсін). Қуанышты бөліссең көбейеді, дегендей, сіздермен бөліскім келеді, достарым! Мен қазақтың қызымын! Өнерімді елім, жерім дәріптеп, "Хан" көтеріп келеді. Ризамын, шүкір. Маңғаз Маңғыстауымның мәрт азаматы Самат Мұсабаев бастаған құрылыс компаниясы демеушілік етіп, аймаққа өз еңбегін сіңіріп келе жатқан, Орақ Аяпов сияқты ағаларым қамқор болып, облыс әкімі Алик Айдарбаев салтанатты түрде маған Ақтау қаласының орталығынан су жаңа көтерілген үйден 3 бөлмелі пәтер сыйға тартты!", - деп жазған әнші.

Тамара сөз арасында өзіне пәтер сыйлағандарға алғыс білдірді.

"Шын жүрегімнен жоғарыдағы аты аталған және ат салысқан ағаларыма алғысым шексіз. Сіздерге қарындастық тілегім бар: "Ұрпақтарыңыздың ұлылығын көруді нәсіп етсін, жаратқан! Менің кереметімді емес, Өнердің кереметін бағалаған жүректеріңізден Айналдым. Бүгінгі Құрылысшылар күнімен осы саладағы барлық құрылысшыларды құттықтаймын!!! Бір шаршы ғана құшағыма, баршаңызды сыйғыздым!!! Бұл бұйырса, Ақ Қамбардың шаңырағы. "Ең қызығы бұл пәтерге себепші болған екі ағасы, біреуі Самат, біреуі Орақ. Ал Қамбардың марқұм әкесінің аты Самат, фамилиясы Орақ болатын.", - деп жазды ол.

Мұны естіген желі қолданушылары әншіге ақ тілектерін жаудырып, ұлының шаңырағына тек жақсылықтар тілеп жатты.

Еске салсақ, әншінің мұндағы Қамбар деп отырғаны оның жалғыз ұлы.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219833-tamara-asargha-su-zhanha-ush-bolmeli-pater.html