RU

Ерке Есмаханның ғашығы төсегін гүлмен көмкерді (фото)

Желі қолданушылары Ерке Есмаханның төсегін гүлмен көмкерген ғашығының кім екенін білмей дал болды деп хабарлайды NUR.KZ.

«КешYou» тобының бұрынғы солисті Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі суреттері арқылы өзінің жеке өміріндегі түрлі жаңалықтарын бөлісіп отыратын әншілер қатарынан.  Бұл жолы да әнші әдепкі әдетінен талмай, кезекті суретін жариялады.

Суреттегі әдемі гүл дестелерімен безендірілген ақ төсекті көрген қолданушылары түрлі болжамдар айтып, оның өміріндегі белгісіз жан туралы бас қатырды.

Қазақстанның қай түкпірінде жүрсе де, әдемі гүл шоқтарын тарту ететін белгісіз жан туралы Ерке бұған дейін де айтқан болатын. Қызылордаға барса да, Қостанайға барса да әншіні гүлсіз қалдырмайтын жанға әншінің өзі де риза екенін жасырмаған.

«Қостанайдың түндері тынық екен. Серуендеп келдім. Жатар алдындағы серуен жақсы ұйқының кепілі. Ал мына гүл шоғы мені әр қаладан өзі болмаса да, жып-жылы сәлемі тосып тұратын алыстағы жаннан. Иісін сезіп тұрсыздар ма?! Күшті!», - деп мақтанды әнші.

Арада біраз уақыт салып әнші желіге сол гүлдердің дестелерімен жүрек бейнесінде безендірілген ақ төсектің суретін жариялады.

Желі қолданушыларының кейбірі әншінің бұл қылығын әдепсіздікке баласа, кейбірі оның ғашығы кім екенін білуге асық екендіктерін айтты.

Енді бірі, Ерке тыңдармандарының қызығушылығын ояту үшін әдейі жасап жүр деген болжамды да айтып қалды.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Алматыға оралды

Баян Есентаева халыққа жүзін көрсетті

Қайрат Ералиев: Мені төрешілер аяғымнан шалды (фото)

Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына сегізінші жүлдені салды

Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына өтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219879-erke-esmakhannynh-ghashyghy-tosegin-gulme.html