RU

Жүзу жарысынан күміс медаль алған ресейлікке жұрт қошемет көрсетпей қойды (фото)

Риодағы жүзуден жарыс өтіп жатқан Olympic Aquatics Center кешеніне ресейлік Юлия Ефимова шыққанда жанкүйерлер оны наразы гуілмен қарсы алды деп хабарлайды Азаттық.

Бұл спортшы 2014 жылы допингпен ұсталып, екі жылға спорттық жарыстардан шеттетілген. Ал 2016 жылдың басында оның допинг сынамасынан мельдоний табылып, халықаралық су спорты федерациясы (FINA) Ефимованы олимпиада ойындарынан шеттеткен. Бірақ 4 тамызда спорттық арбитраж соты (CAS) оның апелляциялық шағымын қанағаттандырып, Юлия Ефимоваға олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берген.

Алайда кейбір спортшылар мен жанкүйерлер Ефимованың олимпиадаға қатысуына үзілді-кесілді қарсы болды. Ресейлік жүзгіш Риода 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс медаль иеленді. Марапаттау рәсімінде Юлия Ефимоваға медаль тапсырғанда зал оған қошемет көрсеткен жоқ.

Әйелдер арасында 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысынан екінші орын алған соң ресейлік Юлия Ефимованың жылап тұрған сәті. Рио-де-Жанейро, 8 тамыз 2016 жыл.

Әйелдер арасында 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысынан екінші орын алған соң ресейлік Юлия Ефимованың жылап тұрған сәті. Рио-де-Жанейро, 8 тамыз 2016 жыл.

Ал Украина спортшылары Риодағы олимпиада кезінде Ресей телеарналарына сұхбат бермей жатыр. Спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Олег Верняев микст-зонада (спортшылардың журналистерге сұхбат беретін аймағы) «Россия» деген жазуы бар микрофон ұстаған журналистің сұрағына жауап беруден бас тартқан.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Алматыға оралды

Баян Есентаева халыққа жүзін көрсетті

Қайрат Ералиев: Мені төрешілер аяғымнан шалды (фото)

Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына сегізінші жүлдені салды

Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына өтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1219974-zhuzu-zharysynan-kumis-medal-alghan-res.html