RU

Риода ескек есуден жарысқа қатысқан қазақстандықтың қайығы аударылып қалды

Академиялық ескек есуден жарысқа қатысқан қазақстандық Владимир Яковлев жарысты іріктеу кезеңінен аяқтауға мәжбүр болды деп хабарлайды Азаттық.

Ол мінген қайық сөреден шыға бергенде аударылып қалды. Ескекші қайығына қайта мінгенше біраз уақыт жоғалтып, мәреге ең соңғы болып келді.

Сондай-ақ байдарка жарысы өтетін каналда спортшылардың бірі жаттығу кезінде су ішінен қалқып шыққан жиһазға соғылып, аударылып қалған.

Ал суға секіру және су добы өтіп жатқан Maria Lenk Aquatics Centre спорт кешенінде судың түсі өзгеріп, жасыл болып кеткен.

Ұйымдастырушылар оның себебін әлі анықтай алмай жатыр. Германиялық суға секіруші Штефан Фек өзінің Facebook парақшасына «судан жағымсыз иіс шығатыны» туралы жазды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Алматыға оралды

Баян Есентаева халыққа жүзін көрсетті

Қайрат Ералиев: Мені төрешілер аяғымнан шалды (фото)

Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына сегізінші жүлдені салды

Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына өтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220030-rioda-eskek-esuden-zharysqa-qatysqan-q.html