RU

Атырау облысының тұрғыны туған бауырының үйін тонап кетті

Атырау облысының Махамбет аудандық соты өз бауырын тонаған жігіттің үстінен «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық істі қарады деп жазады "Ақ Жайық".

Сотталушы 2016 жылдың мамырында Махамбет поселкесіндегі туған бауырының үйіне қонуға келеді. Бәрі ұйқыға кеткенін күтіп, әрқайсысы 20 мың теңге болатын екі ұялы телефон мен алтын сырғаны қолды қылып, қашып кеткен.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі сот отырысында сотталушының ағасына тигізілген зиянды толықтай өтеп, медиация арқылы татуласқанын хабарлады. Қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220311-atyrau-oblysynda-zhigit-oz-bauyryn-ton.html