RU

Сарыарқа даласынан сенсациялық археологиялық қазбалар табылды

Археологтар Қарағанды маңынан қола дәуіріне жататын ежелгі пирамиданы тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қарағандылық ғалым Виктор Новоженов мәлімдеді.

Ғалымның айтуынша, кезекті сенсациялық жаңалықты ашуға тарих ғылымдарының кандидаты И.А.Кукушкин бастаған Сарыарқа археологиялық институтының археологиялық экспедиция қызметкерлері қатысқан.

Табылған археологиялық олжа б.з.д. 15-10 ғғ.қамтитын Беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңіндегі айрықша сатылы мавзолей болып шыққан.

«Бұл ғимараттың сырт пішіні дәл сол тарихи кезеңмен тұспа-тұс келетін әйгілі Мысыр пирамидаларына келеді, әсіресе, ол Джосер перғауынның сатылы пирамидасына қатты ұқсайды», - деп жазды ғалым.

Сонымен бірге, ғалымдар оның монументалды құрылымына қарап, мавзолейдің Сарыарқа даласында бұдан 3 мыңнан астам жыл бұрын, жергілікті ұлы тайпалардың бірінің  қағаны немесе ел билеушісіне арнап салынған болуы мүмкін деп болжаған.

Ғалымның хабарлауынша, таяу күндері мавзолейдің негізгі бөлігін зерттеу жұмыстары басталмақ.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220395-saryarqa-dalasynan-mysyr-piramidala.html