RU

Фидель Кастро өзінің 90 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысты

Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро тамыздың 13-і күні өзінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысты. Бұл туралы Азаттық ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы жылдары көпшіліктің көзіне түсе бермейтін Фидель Кастро Гаванадағы Карл Маркс атындағы театрда өткен шараға өзінің інісі, Кубаның қазіргі жетекшісі Рауль Кастромен және Венесуэла президенті Николас Мадуромен бірге қатысқан.

Мерекелік шара кезінде ол отырған орнынан қозғалмаған және жүзі дерт нышанын білдіріп тұрды деп хабарлайды ВВС.

Театрда Фидель Кастроның өмірі мен Куба революциясының маңызды кезеңдеріне арналған қойылым көрсетілген. Кейін мерекелік шаралар түн ортасына дейін көшеде жалғасқан, бірақ оған Кастро қатыспаған.

Бұған дейін Фидель Кастро көпшілік алдына биыл сәуір айында шыққан еді.

Ол 2008 жылы денсаулық жағдайына байланысты мемлекетті басқаруды інісі Рауль Кастроға тапсырған.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220467-fidel-kastro-ozininh-90-zhyldyq-mereytoy.html