RU

Тұрғындар: СҚО-да мораторийге қарамастан жергілікті билік жерді сатып жіберген

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары елбасының жер сатуға қатысты жариялаған мораториіне қарамастан жергілікті билік өкілдері жерлерді сатып жіберді деп мәлімдеуде. Олардың қолдарында дәлелдері де бар көрінеді деп жазады sn.kz.

13 тамызда Астанада Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен Жер реформасы туралы комиссияның соңғы отырысы өткен болатын. Қарағандылық қоғам белсендісі Айтқожа Фазыловтың айтуынша, бұл жиынға СҚО Ақжар ауданы Бостандық ауылдық округінің тұрғындары кіргізілмеген.

Өйткені, тұрғындар аудандағы жерлердің мораторийге қарамастан сатылып кеткені туралы құжаттарды өздерімен бірге алып келіпті. Кейін бұл туралы ауылдықтар бейнекамера алдында да айтып берді.

"9 шілде күні жер комиссиясының жиынында мен Бостандық ауылында елбасының мораториіне қарамастан жерлердің сатылып жатқанын айттым. Кейін премьер-министр Кәрім Мәсімов пен Бас прокуратураға арыз жазып, дәлел ретінде қажетті құжаттарды қоса жібердім. Кімге және қалай сатқанын көрсеттім. Енді ауылға хабарласып, тұрғындарды Астанадағы соңғы жиынға қатысуға шақырғанмын. Келді. Бірақ бізді жиынға кіргізбей отыр", - дейді ЖСДП-ның Павлодар филиалының жетекшісі, парламент сәжілісінің екінші шақырымдағы депутаты Серікбай Әлібаев.

Оппозиционердің айтуынша, жер 31 мамыр күні сатылған. Ал, жер сату мен шетелдіктерге жалға беруге қойылған мораторий 6 мамыр күні күшіне енген. Ауыл тұрғыны Қайрат Қали бейнекамераға осы жердің сатылғанын дәлелдейтін құжаттарды көрсетті.

"6 214 гектар жер расымен де сатылып кеткен. Мен қазір бұл факт бойынша сотқа арыздандым. Менің қолымда арызым және сату туралы келісімшарт бар. Жерді сот арқылы халыққа қайтарамыз деген үмітіміз бар. Мен жерді аукцион арқылы сатқан сот орындаушысына мораторий жайында ескерттім. Ол болса "мораторийдің маған қатысы жоқ" деп жауап берді", - дейді Қайра Қали.

Айтқожа Фазыловтың айтуынша, Жер комиссиясының соңғы отырысына 30 адам кіргізілмеген.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220480-turghyndar-sqo-da-moratoriyge-qaramas.html