RU

Қазақтың ортасында өскен Михаил атын Мақсат деп өзгертті

Қазақтардың ортасында өскен Михаил есімді азамат атын Мақсат деп өзгертті. Тіпті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жігіттің қазақша еркін сөйлеп отырған сәтінен видео желіге жүктелді.

"Есімім Мақсат болады. Негізі орысша есімім - Михаил. Ал былай қазақша Мақсат деп кеткен. Михаилді ешкім танымайды. Ауылды жерде өстім. Қазақша білім алдым", - дейді ол.

Ал жігітті видеоға түсіріп отырған өзге азамат оның қазақшасына тәнті болып отырғанын жасырмаған. Мақсат әңгіме барысында дінін мұсылмандыққа бұрып, сүндетке отырғанын айтып қалды.

"Сүндетке отырып, мұсылмандықты қабылдадым да, ислам дініне кірдім", - деген Мақсат дінін не себепті өзгерткенін де түсінідіріп берді.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220519-qazaqtynh-ortasynda-osken-mikhail-atyn.html