RU

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмып, 2 адам жапа шекті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша жол-көлік оқиғасы 13 тамыз күні Ақкөл қаласы маңында «Астана Петропавл» күре жолының 106 шақырымында орын алған. Бұл туралы Ақкөл аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем стансасының дәрігері хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлерге белгілі болғандай, Щучье қаласына бағыт алған «Лада Гранта» көлігінің жүргізушісі, 33 жастағы Астана қаласының тұрғыны рөлде ұйықтап кетіп, «Камаз - 54115» көлігінің тіркемесіне соғылған.  Осының салдарынан жеңіл көліктің ішінде отырған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі жолаушы түрлі дене жарақатымен Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Қазіргі кезде аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды», деп көрсетілген хабарламада.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Әйгілі Мейвезер Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне орнынан тұрып қол соқты (видео)

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Иван Дычко әйгілі әзірбайжандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220542-aqmola-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol.html