Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кішкентай ауылдан шыққан қазақ рэпері Мәскеуді бағындырды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов «Новый рэп» ірі хип-хоп қауымдастығының нұсқасы бойынша «Жыл жаңалығы» деп танылып, Мәскеуді бағындырды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазір Мәскеуде тұрып жатқан рэпердің сахнадағы есімі - Скриптонит. Ол өзінің «Выбор без вариантов» бейнебаянының режиссері өзі болған. Бейнебаян рэпердің туған жері Павлодар маңындағы Ленинский ауылында, кезінде өзінің анасы жұмыс істеген бензин колонкасының жанында түсірілген.

Ол кішкентайынан рэп оқығанды ұнататын, бірақ оның ата-анасы оның бұл саланы таңдауына қарсы болған. Бірақ, Әділ ештеңеге қарамастан жаны қалаған салада өзін жетілдіруді тоқтатпайды.

Рэпер сахнаға алғаш рет 16 жасында шығады. Ол қалалық фестивальға қатысып, «өмір үшін» ән орындап, жұртты таң қалдырған болатын. Осыдан кейін-ақ, оның тасы өрге домалап, рэпердің шығармашылығына екі ресейлік продакшн-студия назар аударады. Бұдан соң Жәлелов ресей рэп орындаушысы Бастаның Gazgolder продюсерлік студиясымен келісім-шартқа отырады.

Бүгінгі күні 26 жастағы Скриптонит Мәскеуде тұрып жатыр. 2015 жылы ол «Дом с нормальными явлениями» деп аталатын дебюттік альбомын шығарады. Осыдан кейін-ақ, оны әлемдік музыка индустриясындағы басты құбылыс деп мойындап, ән жинағы iTunes альбомдық чартында британдық әнші Адельден кейінгі екінші орынға кеп тұрақтайды.

Скриптониттің өзі Мәскеуде жүріп, туған жері Павлодарды сағынатынын айтады. Оның барлық туындысынан осы сағынышты аңғаруға болады. Атап айту керек, Әділ өзін «қазақ рэперімін» деп атайды. Оның арнайы музыкалық білімі болмағанымен, оның шығармаларынан түкпірдегі болашағы жоқ ауылдар мен жақсы өмірді аңсаған адамдардың бей-берекет тағдырын көруге болады.

Тағы оқыңыздар:

Тұрғындар: СҚО-да мораторийге қарамастан жергілікті билік жерлерді сатып жіберген

Алматыда Мәсімов жүретін жолдар жуылуда (видео)

Сарыарқа даласынан Мысыр пирамидаларына ұқсас ғимарат табылды

Атырау облысында жеті жастағы бүлдіршін екі жастағы баладай болып көрінеді (фото)

Ерке Есмаханның ғашығы төсегін гүлмен көмкерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1220777-kishkentay-auyldan-shyqqan-qazaq-reper/

pixel