RU

Украиналық Гугл Қазақстанды аудармасында Ресей деп көрсетті

Google Аудармашы қатысты түрлі әзілдер бүгінде ғаламтор бетінде өріп жүр. Бұл жолы аудармашы Қазақстанды Ресей деп бір-ақ аударған деп хабарлайды Joinfо.ua порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Биылғы жылдың басында украиналық Google Аудармашы сөздерді украин тілінен орыс тіліне аударғанда айырықша аудармалар шығарып беретін. Ресей, ресейліктер деген сөздердің орнына мүлдем басқа сөздер шығатын.

Мәселен, аудармашыға ресейліктер деп жазған кезде оларды оккупанттар деп, ал Ресейді – Мордор деп аударып беретін. Кейіннен Google бұл жағдайға қатысты түсінік берген болатын.

Бірақ, қазір де украиналық Google аудармашы Ресейді ел қатарына қоспай, оны кейбір мәтіндер мәнмәтінінде Қазақстанмен шатастырып алып жүр.

Google аудармашының Қазақстан мен Ресей екі бөлек ел екенін неліктен «ұқпай» қойғаны түсініксіз. Мәселен, ол бұл жолы Қазақстан темекілері дегенді автоматты түрде Ресей темекілері деп аударды.

Тағы оқыңыздар:

Тұрғындар: СҚО-да мораторийге қарамастан жергілікті билік жерлерді сатып жіберген

Алматыда Мәсімов жүретін жолдар жуылуда (видео)

Сарыарқа даласынан Мысыр пирамидаларына ұқсас ғимарат табылды

Атырау облысында жеті жастағы бүлдіршін екі жастағы баладай болып көрінеді (фото)

Ерке Есмаханның ғашығы төсегін гүлмен көмкерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220812-ukrainalyq-gugl-qazaqstandy-audarma.html