Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға Олимпиада медалін алып берген легионерлер кімдер? (фото)

Опубликовано:

Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғап, жүлде алып берген легионерлер саны жеткілікті. Рио ойындарында да елімізге бірнеше шетелдік спортшылар медаль сыйлап үлгерді.

NUR.KZ порталы жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанға жүлде алып берген спортшылар тізімін назарларыңызға ұсынады.

1996 жыл, Атланта Олимпиадасы

Юрий Мельниченко, грек-рим күресі, алтын медаль

57 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, Олимпиада чемпионы атанған Мельниченко Қырғызстанда туылған. Сол кезде Дәулет Тұрлыханов бастаған бапкерлер Юрийді Қазақстанға алып келді. Бүгінде Мельниченко еліміздің спорт саласында табысты еңбек етіп жүр.

2000 жыл, Сидней Олимпиадасы

Бұл Олимпиада ойындарында жүлде салған спортшылардың барлығы да Қазақстанда туылған.

2004 жыл, Афины Олимпиадасы

Георгий Цурцумия, грек-рим күресі, күміс медаль

Олимпиаданың финалында ресейлік Хасан Бароевты ұтып, жекпе-жектің аяқталуына 10 секунд қалғанда таза жеңілген Цурцумия Грузияда туылған. Грузияның жасөспірімдер құрамасында жүріп толағай табысқа жеткен Георгий 2001 жылы Қазақстан төлқұжатын иеленіп, Азияда бірнеше мәрте топ жарды.

Бүгінде Георгий Цурцумия Қазақстан ұлттық құрамасында бапкерлік қызмет етеді.

Геннадий Лалиев, еркін күрес, күміс медаль

Оңтүстік Осетияда туылып, Ресей құрамасындағы нөмірі бірінші балуандардан аса алмаған Лалиев Олимпиада апаратын даңғыл жолды Қазақстаннан тапты. Афины Олимпиадасында Қазақстан атынан күміс иеленіп, Азия кубогінде топ жарған Лалиев туралы мәлімет мүлде аз.

Ол Олимпиада ойындарынан кейін дереу еліне қайтып кетті. Бұл күндері Владикавказда тұрады.

Мхитар Манукян, грек-рим күресі, қола медаль

Арменияда туылған Мхитар Манукян 1997 жылы Дәулет Тұрлыхановтың шақыртуымен Қазақстанға келген. Ұлттық құраманың белсенді мүшесі атанған ол Афиныда қола иеленіп, 2005 жылы кілемнен кетті. Бүгінде ұлттық құрамада бапкерлік қызметте.

2008 жыл, Бейжің Олимпиадасы

Алла Важенина, ауыр атлетика, күміс медаль

Ресейдің Қорған облысында туған Алла Ресей құрамасына ілікпеген соң Алексей Нидің шақыртуымен Қазақстанға келді. Бейжің Олимпиадасының күміс медалі мен ақшалай сыйлығын алған соң дереу туған жеріне қайтып кетті.

Таймураз Тигиев, еркін күрес, күміс медаль

Еркін күрес шебері Таймураз Тигиев Бейжің Олимпиадасында күміс медаль иеленді. 2006 жылы Қазақстанға келген ол БҚО атынан сынға түсіп жүрді. Тигиев Қазақстан үшін күрескенімен, үнемі Ресейде жаттығып, өз үйінде жүретінімен есте қалды. Ол тек жарысқа қатысатын кезде ғана  Қазақстанға келетін.

Елена Шалыгина, әйелдер күресі, қола медаль

Әйелдер күресінен Қазақстанға алғаш болып Олимпиада жүлдесін сыйлаған Елена Шалыгина да Ресейдің тумасы. Бүгінде оның қайда және нендей қызметте екені белгісіз.

Марид Муталимов, еркін күрес, қола медаль

Дағыстандық балуан Қазақстан атынан екі бірдей Олимпиадаға қатысып, Бейжіңде қола медаль иеленді. Ол Маңғыстау облысының атынан сынға түсті.

2012 жыл, Лондон Олимпиадасы

Зүлфия Чиншанло, ауыр атлетика, алтын медаль

Чиншанло Қытайда туылған. Оны тым жас кезінде Қазақстанға алып келген Алексей Ни. Лондонда Олимпиада чемпионы атанған Чиншанло кейін допингпен ұсталып, Риоға жіберілген жоқ.

Лондоннан соң Зүлфия Қытайға кетіп қалды деген ақпар тараған. Алайда, қытайлық қыз әуежайдан жылап түсіп, Алматыға оралды. Бүгінде оның Қытайдағы сүйіктісі Қазақстанға келіп, екеуі бірге тұрып жатыр.

Майя Манеза, ауыр атлетика, алтын медаль

Майя Манеза да Қытайда туылған. Манезаны Қазақстанға алып келген Алексей Ни кейін оны ауыр атлет Вячеслав Ершовқа ұзатты. Бүгінде олар бір ұл тәрбиелеп отыр.

Лондон Олимпиадасы мен әлем чемпионатының жеңімпазы допинг қолданғаны үшін Рио ойындарынан шеттетілді.

Светлана Подобедова, ауыр атлетика, алтын медаль

Ресейде туылған Светлана Подобедова өз елінде ұлттық құрмадан шеттеткен соң, Нидің шақыртуымен Қазақстнға келді. Мұнда ол әлем және Олимпиада чемпионы болып, Владимир Седовқа тұрмысқа шықты. Бірақ, соңғы кездері Светланаға ештеңе оңай тиіп жүрген жоқ. Ол күйеуінен ажырасып, кейін допинг қолданғаны үшін Олимпиадаға бармай қалды.

Даниял Гаджиев, грек-рим күресі, қола медаль

Дағыстандық балуан Лондонда Қазақстанның грек-рим құрамасын абыройсыздықтан сақтап, қола медаль иеленді. Дәулет Тұрлыхановтың шақыртуымен келген ол БҚО атынан күресіп, Олимпиада жүлдесін алған соң сый-сияпаттың астында қалды.

Гүзел Манюрова, әйелдер күресі, қола медаль

Ресейге Афины Олимпиадасының күмісін сыйлаған Манюрова Лондонда Қазақстан құрамасында да медаль алып берді. Кейін ұлттық құрамаға бас бапкер болған ол өзінің күйеуін де бапркелік қызметке орналастырды. Сол кездегі Алматы әкімі Ахметжан Есімов Манюроваға пәтер кілтін табыстаған.

2016 жыл, Рио Олимпиадасы

Ниджат Рахымов, ауыр атлетика, алтын медаль

Ниджат Әзірбайжанның тумасы. Ол 2010 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына Әзірбайжанның туын көтеріп шығып, тіпті, алтын жүлде иеленген. Ниджаттың Қазақстанға ауысып кеткенін жанкүйерлер байқамай да қалды. Ешқандай халықаралық жарыстарға қатыстырмай, атлетті көпшіліктің сынынан қорғаға Ни оны Хьюстондағы әлем чемпионатына ғана апарды. Сол жақта алтын мен жолдама алған ол Рио төрінде тағы да топ жарды. Рахымов Атырау облысының атынан сынға түсуде.

Фархад Харки, ауыр атлетика, қола медаль

Қытайлық атлетттің Қазақстанға келгеніне бірнеше жыл болды. Өз елінде мықтылардың көлеңкесінде қалған ол Қазақстанға Рио Олимпиадасының қоласын сыйлады. Ақтөбе облысының атынан сынға түсетін Харкиді жеңісімен Сапарбаев та құттықтаған болатын.

Галбадрах Отцгонцэцэг, дзюдо, қола медаль

Қазақстанға келіп, көп сын естіген спортшылардың бірі Галбадрах. Дзюдодан қазақстандық қыздардың жүлде алмайтынын білген бапкерлер моңғол қызына құда түсті. Бүгінде Галбадрах ОҚО атынан сынға түсуде.

Жалпы, Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысатын легионерлердің көбісі Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының атына жазылады. Себебі, аталған өңірлерде топ жарып шығатын спортшылар жоқ.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ниязымбетовтің келесі қарсыласы өзбек боксшысын нокаутпен жеңді

Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына сегізінші жүлдені салды

Жанкүйерлер Елдос Сметовті ерекше қошеметпен қарсы алды (фото)

Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына сегізінші жүлдені салды

Рио-2016: Қазақ балуаны Өзбекстанға қола медаль сыйлады

Жақсылық Үшкемпіров: Жүрек ауыртатын жеңіліс болды (фото)

Ең соңғы рет тұғырда тұрған Майкл Фелпс көзіне жас алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1220826-qazaqstangha-olimpiada-medalin-alyp-b/

pixel