RU

Шымкентте тағы да цистерналар өртенді (фото, видео)

Шымкент қаласындағы Сеченов көшесінде сұйытылған газ тиелген цистерна өртенді. ОҚО ТЖД хабарлауынша, вагон аударылғанда ұшқын пайда болып, өрт басталған.

Енді вагонның неден аударылғаны анықталады. Өрт түтінінің биік болғаны соншалық, оны қаланың әр түкпіріндегі тұрғын байқаған. Температураның жоғарылығынан оқиға орнына жақындай алмадық дейді жергілікті тұрғындар. Полиция мен ТЖД 100-ден астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшіріп, аумақты қоршады.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 50 адам мен 13 техника, өрт сөндіру пойызы мен 6 су тасушы көлік жұмылдырылды. Өрт сөндірілді, алайда сәл ғана жылудан өрт тұтанатындықтан, қазір өзге цистерналарды салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220856-shymkentte-taghy-da-cisternalar-ortend.html