RU

Шымкентте 4 адамды таптаған BMW жүргізушісі табылмай жатыр (фото)

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері 4 адамды қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жариялады. Бұл туралы қақалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан хабарлады деп жазады Отырар арнасы.

«1996 жылы туылған Астана қаласының тұрғыны Сүлеймен Исмаил Ереханұлы қоғам назарына ілінген жол-көлік оқиғасын жасаған күдікті ретінде танылуда. Шымкеттегі Іляев көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысында жұмысшыларды қағып кеткен BMW автокөлігінің тізгінінде сол отырған деген болжам бар. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Егер сіздерде күдікті тұлғаның мекенжайы туралы кез-келген ақпарат болса, полицияға мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7-701-482-99-79, +7-7252-53-52-52 жəне 102», - деп жазады Данияр Мейірхан.

Еске салайық, бұл оқиға 13 тамыз күні сағат 5:30 шамасында болған. Жол жөндеп жатқан адамдарды көлік қағып кетеді. Соның салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болса, тағы үшеуі ауыр халде ауруханада жатыр.

Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Көліктің жүк салғышынан оқтары бар тапанша табылды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбедегі теракт кезінде ерлікпен қаза тапқан сарбаздың отбасына Атамқұлов үй берді

Украиналық Гугл Қазақстанды аудармасында Ресей деп көрсетті

Өзбекстанда жоғалып кеткен қазақстандықты сол елдің құқық қорғау органдары ұстап алған

Ақтөбе облысында балаларын баға алмай отырған жас келіншек оларды жетімдер үйіне өткізбек

Бауыржан Исламханның әйелі мінсіз денесін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220907-shymkentte-4-adamdy-qaqqan-kolik-zhurgiz.html