RU

ОҚО-да алты жастағы Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған зейнеткер 7 жылға сотталып кетті (фото)

ОҚО-да алты жастағы Мұхаммед Қамшыбекті ұрлап, үш күн үйінде ұстаған зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты.

59 жастағы Балжан Орақбаева енді алдағы өмірінің 7 жылын темір торда өткізетін болды, деп хабарлайды өңірдегі тілші.

Мектептен шыққан бойы үйіне оралмаған Мұхаммед Қамшыбекті таксиге отырып, өзімен бірге алып кеткен Балжан Орақбаева тергеу барысында өзінің бұл әрекетін бүлдіршін қатты ұнап қалғандықтан ұрлап кеткенін айтқан. Бүгін бала ұрлаған зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты. Ордабасы аудандық сотының судьясы Салтанат Көлтекеева зейнеткерге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Зейнеткердің үстінен Қылмыстық кодекстің 125, 119 бен 126-баптары бойынша іс қозғалды. Айыпталушының қорғаушысы аппеляциялық шағым түсірмек.

Тергеу барысында зейнеткердің осыдан үш жыл бұрын да дәл осындай сценариймен бүлдіршін Нұрай Өмірәліні ұрлап, он күн үйінде ұстағаны, содан соң оны Шымкенттегі базарлардың біріне тастап кеткені де белгілі болды. Ол кезде де бала ұрлау әрекеті елді дүрліктірген. Алайда кінәлі азамат табылмады.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстандағы Ордабасы ауданының тұрғыны Мұхаммед Қамшыбек үстіміздегі жылдың 20 ақпанында мектептен үйіне қайтып бара жатып жоғалып кеткен болатын. Куәгерлер оқушыны егде жастағы әйел азаматы алып кетті деген мәлімет берді. Кейінірек әйелдің фотороботы жасалынды. Арада үш күн өткен соң Мұхаммед Қамшыбек Ордабасы ауданына көршілес жатқан Арыс қаласынан табылды. Бір қызығы, бүлдіршінді үйінде ұстаған әйел оған ешбір зәбір көрсетпеген. Сусындар мен тәттілер әперіп, өз ұлындай қараған.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбедегі теракт кезінде ерлікпен қаза тапқан сарбаздың отбасына Атамқұлов үй берді

Украиналық Гугл Қазақстанды аудармасында Ресей деп көрсетті

Өзбекстанда жоғалып кеткен қазақстандықты сол елдің құқық қорғау органдары ұстап алған

Ақтөбе облысында балаларын баға алмай отырған жас келіншек оларды жетімдер үйіне өткізбек

Бауыржан Исламханның әйелі мінсіз денесін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1220993-oqo-da-alty-zhastaghy-mukhammed-qamshybek.html