RU

Cуға құлаған әйел өзге еркектің көмегін қабылдамай, қасарысып тұрып алды

Үндістанның Керала штатында орын алған бұл оқиға қазіргі кезде үнді баспасөзінде қызу талқыға түсіп жатыр деп хабарлайды Muslim.kz.

Белгілі болғандай велосипедке жұбайын мінгестіріп алған мұсылман жігіті өзен жағасында келе жатып рөлді игере алмай қалады. Кішігірім жол апатынан жігіт қатты соққы алып, жұбайы өзенге құлап түскен.

Болған жайтты көргендер бірден көмекке ұмтылған. Алайда, өзен ортасында қалған мұсылман әйелі олардың созған қолдарын кері қайтарып, оны күйеуі құтқарып алуы тиістігін айтып айқайлай бастаған. Өзеннің онша терең еместігін байқаған ол көмекке келгендердің үгіттеріне де көнбеген көрінеді.

Өміріне айтарлықтай қауіп төніп тұрмағанын аңғарған соң күйеуі келгенше солай тұра беретінін де кесіп айтқан.

Осылайша, өзен ортасында қалса да өзге еркекке қолымды да ұстатпаймын деп шешімін білдірген ол күйеуінің жаралы екенін естігеннен кейін ғана құтқарушылардың көмектесуіне қарсылық танытпаған.

Үнді баспасөзі бұл оқиғаны іліп әкетіп, жел қаулаған өрттей дуылдатып жатқан көрінеді. Дегенмен, оқиға куәгер болған жергілікті колледж профессоры өзеннің ол құлаған тұсы терең еместігін әрі әйелдің суға кету қаупі болмағандығын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанға Олимпиада медалін алып берген легионерлер кімдер? (фото)

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан сарбаздың отбасына Атамқұлов үйдің кілтін табыстады

ОҚО-да алты жастағы Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған зейнеткерге сот үкімі шықты (фото)

"Аяқ киімін жоғалтып алған" ақтөбелік тұрғын полицияны аяғынан тік тұрғызды

Бауыржан Исламханның әйелі мінсіз денесін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1221115-cugha-qulaghan-musylman-ayeli-ozge-erkek.html