RU

100 шақты жылқыдан айырылып қалған бақташы ұшты-күйлі жоғалып кетті

Павлодар облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қожамжар ауылында 100 шақты жылқыдан айырылып қалған бақташы ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды pavlodarnerws.kz.

Ақтоғай ауылы тұрғындарының айтуынша, Нұркеш есімді 58 жастағы азамат жылқы бағады. Өткен аптада жергілікті азаматтар ат-құлындарын көріп қайтуға қырға шыққан. Бірақ үйір-үйір жылқының арасынан өз аттарын таба алмаған, кейін басқа да тұрғындар өз жылқыларының жоқтығын анықтаған.

«Есептей келе, жүз шақты жылқының жоғалғаны белгілі болды. Бұл оқиғадан кейін Нұркештің өзі де хабарсыз кеткен. Ал, отбасы болса, оның қайда екендігінен мүлдем бейхабар екендерін айтуда, - деді өз есімін атағысы келмеген тұрғын.

Аталмыш жағдай бойынша облыстық ІІД-не ресми сауал хат жолданды. ІІД ұсынған ақпаратқа сүйенсек, осы оқиғаға қатысты 2016 жылғы 10 тамызда ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанға Олимпиада медалін алып берген легионерлер кімдер? (фото)

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан сарбаздың отбасына Атамқұлов үйдің кілтін табыстады

ОҚО-да алты жастағы Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған зейнеткерге сот үкімі шықты (фото)

"Аяқ киімін жоғалтып алған" ақтөбелік тұрғын полицияны аяғынан тік тұрғызды

Бауыржан Исламханның әйелі мінсіз денесін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1221127-100-shaqty-zhylqydan-ayyrylyp-qalghan-pavlo.html