RU

Президенттер қайда демалады?

Мемлекет басшыларының демалысының жай-жапсарын баспасөз қызметі таратып жатпай, жай ғана «демалысқа кетті» деген бір ғана сөзбен қайыра салады. Дегенмен олардың қайда, қалай демалатыны жұрт назарына түспей қоймайды деп хабарлайды Дала мен Қала басылымы.

Мәселен, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көбінесе қыста демалыс алып, Шымбұлақта шаңғымен сырғанауды ұнататыны белгілі. Ал жазда Бурабай курортында демалады. Білетіндердің айтуынша, президент Бурабайда демалғалы бері аймақта пансионаттар күрделі жөндеуден өткізіліп, курорттағы жағдай жақсы жағына қарай өзгере бас­тапты.

АҚШ президенті Барак Обама зайыбы және екі қызы мен итін ертіп, Массачусетс штатына қарасты аралда демалғанды ұнататынын баспасөз құралдары жазған. Бұл арал Голливуд жұлдыздарының сүйікті мекені көрінеді. Президенттер Кеннеди мен Клинтон да осы аралда демалыпты.

Германия канцлері Ангела Меркель жетінші рет қатарынан Италия мен Австрияның шекарасында орналасқан провинцияны демалысын жайлы өткізетін орын ретінде таңдапты. Ол жерде ол тауға шығып, орманда серуендеп, бассейнге шомылғанды ұнататын көрінеді.

Франция президенті Франсуа Олланд атақты Версаль сарайы маңындағы резиденцияда демалғанды ұнатады екен. Бұрын аңшылардың үйі болған бұл орын генерал Шарль де Голлдың бұйрығымен Франция басшыларының резиденциясына айналдырылыпты.

Королева Елизавета Балморалдағы шотланд қорғанында демалады. Бұл резиденцияны королева Виктория мен принц Альберт 1852 жылы сатып алған. Қорғанмен қоса 20 мың гектар жері бар. Барморалда аң мен құстардың көбеюіне жағдай туғызылған. Сәуір айы мен шілде айы арасында мұнда туристердің келуіне жол ашық, қалған уақыттың бәрінде король отбасының қарамағында.

Владимир Путин демалысында Сочидегі резиденциясынан шықпайды. Ол жерде ол теңізге шомылып, жақын маңдағы көлде балық аулағанды, жүгіргенді ұнатса, Шешенстан Республикасының көшбасшысы Рамзан Қадыров Түркияда демалғанды қалайды екен.

Ал Өзбекстан президенті Ислам Каримов демалысын отбасы, ошақ қа­сын­да өткізгенді ұнататын көрінеді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанға Олимпиада медалін алып берген легионерлер кімдер? (фото)

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан сарбаздың отбасына Атамқұлов үйдің кілтін табыстады

ОҚО-да алты жастағы Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған зейнеткерге сот үкімі шықты (фото)

"Аяқ киімін жоғалтып алған" ақтөбелік тұрғын полицияны аяғынан тік тұрғызды

Бауыржан Исламханның әйелі мінсіз денесін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1221167-prezidentter-qayda-demalady.html