RU

Алғашқы 7 секундта адам жүрегін жаулаудың 7 тәсілі

Жаңа танысқан адамның ұнаған-ұнамағанын білу үшін 7 секунд уақыт кетеді екен. Сол себепті де танысу сәті қыз-жігіттер маңызды болып табылады. Әсіресе өзіне-өзі сенімсіз немесе ұялшақ жандар үшін бейтаныс адаммен араласып кету қиын.

Осы орайда Stan.kz кейбір тәсілдерді назарларыңызға ұсынады.

Адамның көзіне тіке қараңыз

Адамды өзіңе қарату үшін оның көз жанарына тіке қараған маңызды. Мұндай көзқарас адалдық пен сенімділіктің айқын белгісі болып табылады. Тым өзімшіл көрінбес үшін ара-тұра көз жанарыңызды басқа жаққа аударуыңызға болады.

Шынайы күліңіз

Әр кездескен адамыңызға жымиып қарасаңыз, жаңа адамдармен танысу сіз үшін оңайға түседі. Әдетте жағымды сезім мен эмоцияны бөлетін адамдар айналасындағыларға ұнайды.

Амандасуды ұмытпағайсыз

Аман-саулық сұрамастан әңгімені бастап кету әңгімелесушіңізді ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін. Сол себепті бейтаныс адаммен алдымен амандасып, одан кейін өзіңізді таныстырғаныңыз абзал. Сондай-ақ, бейтаныс адамға бірінші болып амандасудан қорықпаңыз. Бұл сәтті танысудың алғышарты болып табылады. Алайда соған қарамастан, көпшілік мұны елемейді.

Өзіңізге сенімді болыңыз

Жалпы бұл орайда дене қимылының ойнайтын рөлі зор. Уақытында жағымды әсер қалдыру үшін берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Ашықтық пен сенімділік атмосферасын қалыптастыратын белгілерге: еркінсініп отыру, белді тік ұстау, басты жоғары көтеру, қолды айқастырмай белге жақын ұстау жатады.

Қызығушылық танытыңыз

Танысқан адамыңыз сөйлеп тұрған сәтте оның әңгімесіне мән беріп, қызығушылық танытыңыз. Бөлмеде тек екеуіңіз отырғандай елестетсеңіз, шынайылығыңыз өзінен-өзі аңғарылып тұрады.

Мұқият тыңдай біліңіз

Танысу сәтіндегі қалыпты қателіктердің бірі – үнемі тек өзің жайлы айта беру. Кез-келген адам оны да біреудің тыңдағанын қалайды. Жаңа танысқан адамға өзі жайлы айтуға да мұрсат беріңіз. Оның хоббиі, қызығушылықтары туралы сұрап, мұқият тыңдаңыз.

Позитивті болыңыз

«Адамқа сынықтан басқасының бәрі жұғады» демекші, сіз күлімдесеңіз, жаныңызда отырған адам да еріксіз жымияды. Егер жаңа танысыңызға ұнағыңыз келсе, негативті әңгімелер мен арыз-шағымдарыңызды шетке ысырып қойыңыз. Тек сол жағдайда ғана ол сіздің позитивті энергияңызды сезініп, сізбен араласуға мейлінше құштарлана түседі.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанға Олимпиада медалін алып берген легионерлер кімдер? (фото)

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан сарбаздың отбасына Атамқұлов үйдің кілтін табыстады

ОҚО-да алты жастағы Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған зейнеткерге сот үкімі шықты (фото)

"Аяқ киімін жоғалтып алған" ақтөбелік тұрғын полицияны аяғынан тік тұрғызды

Бауыржан Исламханның әйелі мінсіз денесін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1221202-alghashqy-7-sekundta-adam-zhuregin-zhaulau.html