RU

Данияр Елеусінов Рио финалында өзбек боксшысымен кездеседі

Олимпиада ойындарында 69 келіде бақ сынаған Данияр Елеусінов жартылай финалдағы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Екінші раундтың ортасында Елеусінов жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Ал төрешілер қабағы жарылған Даниярдың қайтадан жұдырықтасуына рұқсат берген жоқ.

Осы сәтте миллиондаған қазақстандық жанкүйерлердің қандай күйде болғанын түсіну оңай. Себебі, бүгін Қазақстан құрамасының екі боксшысы қатарынан жеңіліп, басты үміт Данияр да жарысты аяқтайды ма деген ой келді.

Әйтсе де, төрешілер қазақ боксшыларының да пайдасына жұмыс істеп,  қолғаптың сыртымен ұрған француз Сулейман Сиссокконы жарыстан шығарды. Ереже бойынша есепте алда келе жатқан боксшыға жеңіс беріледі.

Осылайша, онсыз да айқын басымдықпен ұтып жатқан Елеусінов Рио Олимпиадасының финалына шықты. Тек, біздің боксшының аздаған жарақаты бар.

Vesti.kz-ке сұхбат берген бас бапкер Мырзағали Айтжанов Даниярды франциялық бапкерлердің "супер боксшы" деп атағанын айтты. Олар қазақ боксшысының өнеріне тәнті болған.

69 келідегі финалдық сында Данияр Елеусінов өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен Олимпиада алтыны үшін таласады.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдын ала шешіліп қойғанын айтуда

Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы қазақстандық боксшыдан жеңіліп қалды

Қазақстанға Олимпиада медалін алып берген легионерлер кімдер? (фото)

Олжас Сәттібаев төрешілердің қателігінен әзірбайжандықтан ұтылып қалды

Жанкүйерлер Қайрат Ерәлиевтің өзбек боксшысынан әділетсіз жеңілгенін айтуда

Нұрмахан Тінәлиев Олимпиададағы алғашқы белдесуінде жеңілді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1221380-daniyar-eleusinov-finalda-ozbek-bokssh.html