RU

Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізушіге сот үкімі шықты

Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізушіге екі жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Ағымдағы жылғы 15 тамыздағы Жезқазған қалалық сотының үкімімен Қ. Елубаев қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оған жаза ретінде 2 жыл бостандығын шектеу, сондай-ақ 200 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды. Сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді», - делінген таратылған мәліметте.

Мұнымен қоса, ол бұзақылық жасағандығы, қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкілін жәбірлегендігі (Игібековті), билік өкілінің заңды талабына бағынбағандығы атап өтілген.

Сот барысында Елубаев алкогольдік ішімдік ішті деген күдікпен медициналық куәландыруға жеткізілгенде Жезқазған ІІБ жол-патрульдік полициясының инспекторы Төлеген Игібековке зәр шашқанын растады. Сонымен қатар ол арнайы көлікте орындықты тепкенін және полицейдің формалық киімін жыртқандығын жоққа шығармады.

Еске салсақ, алкогольдік ішімдік ішті деген күдікпен медициналық куәландыруға жеткізілген жүргізуші полиция қызметкері Төлеген Игібековтің бетіне зәр шашып жібергеннен кейін, полиция қызметкері оған шапалақпен соққы жасаған. Осы шапалақпен соққысы үшін 2016 жылдың сәуірінде полицейге 5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған. Кейіннен Қарағанды облыстық соты атышулы іс бойынша сот үкімін өзгертіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалған жаза пробациялық бақылау белгілеумен шартты мерзімге өзгертілді. 7 маусымда қаулы жарияланып, жазаны өтеуші полицей қамаудан босатылды.

Тағы оқыңыздар:

Қарсыласын қуып жүріп сабаған Василий Левит небары күміс жүлдегер атанды

Зілтемірші Зайчиков Қазақстан қоржынына 10-шы жүлдені салды

Данияр Елеусінов Рио финалында өзбек боксшысымен кездеседі

Риодағы жанкүйерлер Левиттің қарсыласын құрметтемей, "Қазақстан" деп айғайлады

Жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдын ала шешіліп қойғанын айтуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1221614-zhezqazghanda-policeydinh-betine-zar-sha.html