RU

Рио-2016 күнделігі: Бүгін қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі

Рио Олимпиадасының он бірінші күнінде қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап Bnews.kz.

Жарыс күнін ерлер арасындағы марафонға қатысатын Виталий Худяков бастайды.

Астана уақытымен сағат 18:23-те Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева байдаркада 500 метрге жұптасып есудің финалында өнер көрсетеді.

Сағат 18:47-де байдаркада 200 метрге жекелей есу финалында Инна Клинова ел намысын қорғайды.

Сағат 20:19-да жеңіл атлет Анастасия Пилипенко кедергілермен 100 метрге жүгіреді.

Боксшы Жайна Шекербекова (51 кг дейін) сағат 2:15-те ширек финалда әлемнің экс-чемпионы франциялық Сара Урамунмен жұдырықтасады.

Боксшы Әділбек Ниязымбетов (81 кг дейін) Астана уақытымен 3:30-да финалға шығу үшін британиялық Джошуа Буатсимен қолғап түйістіреді.

Олимпиаданың он бірінші күні қазақстандық спортшылар үшін Иван Дычконың (91 келіден жоғары) нигериялық Эфе Аягбаға қарсы ширек финалдық кездесуімен аяқталады.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Өз елімде өгей болдым: Қытайдан келген қандастың ащы шындығы (видео)

БАҚ: Шымкентте із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап отыр

Рио-2016 күнделігі: Бүгін қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі

Әзірбайжандық боксшыдан жеңілген Жәнібек Әлімханұлы жеңілісінің нақты себебін түсіндіре алмады

Танымал актер Нұржан Төлендиев той басқару үшін 600 мың теңге сұраған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1221744-rio-2016-kundeligi-bugin-qazaqstandyq.html