RU

Олимпиада чемпионы: Ресей - допинг мәселесінде ең "таза" ел

Рио-де-Жанейродағы грек-рим күресі бойынша олимпиада чемпионы ресейлік Давит Чакветадзе Олимпиада-2016-дағы допинг-сынама оны қорқытпайтынын айтты, ал Ресейді — "ең таза ел" деп атады.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Чакветадзе дүйсенбіде 85 келіге дейінгі салмақта финалда қазіргі әлем чемпионы украиндық Жана Беленюканы жеңді. Бұдан бұрын 2016 олимпиада ойындарынан допинг үшін ресейлік жеңіл атлеттер мен ауыр атлеттер шеттетілген болатын.

"Допинг-сынама мені қорқытпайды, Ресей — ең "таза" ел, бәрі білсін", — деді Чакветадзе журналистерге.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Өз елімде өгей болдым: Қытайдан келген қандастың ащы шындығы (видео)

БАҚ: Шымкентте із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап отыр

Рио-2016 күнделігі: Бүгін қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі

Әзірбайжандық боксшыдан жеңілген Жәнібек Әлімханұлы жеңілісінің нақты себебін түсіндіре алмады

Танымал актер Нұржан Төлендиев той басқару үшін 600 мың теңге сұраған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222121-olimpiada-chempiony-resey-doping-mase.html