RU

Қазақстандықтар әділетсіздікпен жеңіліс тапқан Василий Левитке «алтын медаль» жасатып бермекші

Қазақстандықтар Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалында әділетсіздікпен жеңіліс тапқан боксшы Василий Левитке «алтын медаль» жасап беруді шешті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Facebook-тегі халайық! Біз бүгін түнде олимпиадалық жалғандық пен қастандықтың куәгері болдық. Бокс жекпе-жегінде біздің чемпион Василий Левит өз қарсыласынан бір саты жоғары болды. Төрешілер ресейлік боксшы Тищенкоға әділетсіз жеңіс сыйлады. Әуесқой бокстағы жемқорлық ауқымды көлемге жетті. Мен ресейлік сайттарды сүзіп шықтым, онда ресейліктердің өздері де отандасының бұл жеңісі жалған екендігін мойындап, Василий Левитті чемпион деп атады! Мұнда шындық бар және спорт тарихында төрешілердің қастандық етуінен жапа шеккен спортшыларға адамдар халықтық марапат көрсеткен кездер аз емес! Осы орайда, орын алған әділетсіздікке байланысты, Василий Левитке «Халықтын сүйіктісі» ұлттық марапаты аясында «Халықтың чемпионы - Народный чемпион» атағын беріп, Риодағы Олимпиада жүлдесі стилінде оған АЛТЫН МЕДАЛЬ табыстауды ұсынамын!», - деп жазды танымал блогер Ғалым Байтоқ өзінің желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің теңге сарайы аталмыш медальді алтыннан аптап беруге дайын. Оның құны 1 миллион теңгеге шығады екен.

«Медаль халықтық сипатқа ие болу үшін және оны барша халық атынан табыстау үшін аталмыш қаражатты халық болып жинауды ұсынамын», - делінген оның Фейсбуктегі парақшасында.

Медальдің дизайнын танымал мүсінші әрі дизайнер Олжас Мұхамедиұлы жасап беруге уәде еткен.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Өз елімде өгей болдым: Қытайдан келген қандастың ащы шындығы (видео)

БАҚ: Шымкентте із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап отыр

Рио-2016 күнделігі: Бүгін қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі

Әзірбайжандық боксшыдан жеңілген Жәнібек Әлімханұлы жеңілісінің нақты себебін түсіндіре алмады

Танымал актер Нұржан Төлендиев той басқару үшін 600 мың теңге сұраған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222157-qazaqstandyqtar-adiletsizdikpen-zhenh.html